Іскерлік этика

2023 жылғы комплаенс бойынша мәлімдеме

2023 жылы негізгі реттеуші құжаттардың және комплаенс саясаттарының (Монополияға қарсы, Мүдделер қақтығысы, Парақорлыққа, Сыбайлас жемқорлыққа, Ақшаны жылыстатуға қарсы іс қимылдар және басқа да комплаенс мәселелері) талаптары сақталды.
2023 жылы комплаенс саясаттарын (рәсімдерін) бұзу анықталған жоқ.
2023 жылы Этика және комплаенс жөніндегі Сенім телефонына комплаенстың бұзылуы мүмкін туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.
Ішкі саясаттар (рәсімдер) заңсыз және әдепсіз деп саналатын белгілі бір әрекеттерге тыйым салады.
Қызметкерлердің комплаенс мәселелері туралы хабардар болуын арттыру үшін IMB Орталығы мерзімді түрде комплаенс бойынша тренингтер өткізеді.
IMB Орталығы өз қызметкерлеріне мүдделер қақтығысын дереу жариялауды ескертеді.

Құндылықтар, Этика және Комплаенс

IMB Орталығы өз қызметінде ірге салушы этикалық құндылықтарды – адалдықты, әдептілік пен әділеттілікті басшылыққа алады.

Осы құндылықтарға өзінің сүйенетіндігін мәлімдеп және оларды іс жүзінде қолдана отырып, IMB Орталығының әрбір қызметкері IMB Орталығының беделін қорғауға және сақтауға елеулі үлес қосады.

IMB Орталығы қызметкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрыстары әрқашан және кез келген жағдайда жоғары халықаралық этикалық стандарттарға сәйкес болуы керек, өйткені IMB Орталығы жұмысының түпкілікті нәтижесін тану белгілі бір деңгейде өнегелік-этикалық элементтерге байланысты.

Халықаралық стандарттарға сәйкес және функционалдық міндеттерін тиісінше орындауға бағытталған кәсіби мінез-құлықтың этикалық нормаларын бекіту мақсатында Мінез-құлық кодексі, Парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықтар, Мүдделер қақтығысы саясаты және Комплаенс тергеу тәртібі бекітілді.

Этика және комплаенс жөніндегі ішкі талаптар IMB Орталығының ішінде және одан тыс қарым-қатынастардағы этикалық мінез-құлық стандарттарын реттеуді ғана емес, сонымен қатар біздің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді және IMB Орталығының беделін нығайтуға ұмтылысымызды көрсетеді.

IMB Орталығы бекітілген саясаттар мен жоғары этикалық стандарттарды өзі сақтайды және қатаң түрде олардың рухы мен затына сәйкес әрекет етуді талап етеді.

Сонымен қатар, IMB Орталығымен өзара әрекеттесетін барлық тұлғалар халықаралық этикалық стандарттарды жоғары деңгейде ұстау жауапкершілігін толық түсінуіне және оларды бұзу мүмкіндігін болдырмауға ұмтылуына талап етілетіндігіне IMB Орталығы ерекше назар аударады.

IMB Орталығымен ресми қарым-қатынасқа түспес бұрын, IMB Орталығының әрбір әлеуетті контрагенттері адам құқықтары, қауіпсіздік техникасы, парақорлық пен сыбайлас жемқорлықпен күресу, ақшаны жылыстатумен күресу, сыйлықтар/қонақжайлылық және т.б. салаларда этикалық мінез-құлыққа қойылатын негізгі талаптарды көздейтін IMB Орталығының бекітілген Мінез-құлық кодексімен танысқандығын және келіскендігін растауы керек.

IMB Орталығында халықаралық этикалық мінез-құлық стандарттарын сақтау бойынша жұмысты үйлестіру үшін Этика және комплаенс жөніндегі қызметкер тағайындалды, сондай-ақ этика және комплаенс бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Этикалық сенімділікті тексеру

Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әлеуетті жеткізушілерін тексеруді жүргізу механизмін реттеу үшін IMB Орталығында Этикалық сенімділікті тексеру процедурасы бекітілген.

Сонымен қатар, өндірушілерге қатысты этикалық сенімділік туралы ақпаратты жинау, өңдеу және тексеру үшін Өндірушінің этикалық сенімділігін тексеру процедурасы қабылданды.

Процедуралардың мақсаттары IMB Орталығына материалдық және материалдық емес залал келтіру тәуекелдерін азайту, сенімсіз контрагенттермен қарым-қатынасты шектеу, сондай-ақ IMB Орталығы үшін қаржылық, сыбайлас жемқорлық, беделдік және басқа да тәуекелдерді болдырмау болып табылады.

IMB Орталық тексеру жүргізу кезінде әртүрлі құралдарды пайдаланады, мысалы, әлеуетті контрагенттен толтырылған сауалнаманы және қажетті құжаттарды алу, ақпараттық-анықтамалық жүйелерді пайдалану және т.б.

IMB Орталығы этикалық сенімділік тексеруінен сәтті өтпеген тұлғалармен жұмыс істеуден бас тартады.

Жедел желі

IMB Орталығы Комплаенс тексеру процедурасын бекітті

Комплаенс тексеру - бұл мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында болжамды бұзушылық туралы материалдар мен ақпаратты жинау және тексеру қызметі.

Этика және комплаенс саласындағы ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат/материалдарға қол жеткізу құралдарының бірі жедел желі болып табылады.

Этика және комплаенс жөніндегі қызметкер ақпаратты құпия, бейтарап және уақтылы қарайды.

Тиісті өтініштерді hotline@imbc.kz электронды поштасына немесе +7 7172 39 99 66 (ішкі 205) телефон арқылы жолдай аласыз.

Этика және комплаенс жөніндегі қызметкер тарапынан мүмкін бұзушылықтар туралы ақпарат бар болса, +7 7172 39 99 66 (ішкі 200) телефоны арқылы хабарласуға болады.

Өтініш қалдырыңыз
Телефон:
+7 (7172) 39-99-66
Қосымша: 205

Ақпаратты Этика және сәйкестік жөніндегі қызметкер құпия, бейтарап және уақтылы қарайды.

Этика және сәйкестік жөніндегі қызметкердің ықтимал бұзушылықтары туралы ақпарат болса:

Телефон:
+7 (7172) 39 99 66
Қосымша: 200
HOTLINE