Құпиялылық саясаты және деректерді өңдеу
Астана қ. «24» тамыз 2023 ж.
Осы Дербес деректердің құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) www.imbc.kz домендік атауда орналасқан «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» Заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы Қауымдастық (бұдан әрі - IMB Орталығы) www.imbc.kz. сайтын пайдалану кезінде Пайдаланушы туралы алуы мүкін барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.
1. ТЕРМИНДЕР АНЫҚТАМАСЫ
1.1. Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер пайдаланылады:
1.1.1. «www.imbc.kz сайт әкімшілігі (бұдан әрі – Сайт әкімшілігі)" – «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» Заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы Қауымдастық атынан әрекет ететін сайтты басқаруға уәкілетті қызметкерлер, олар дербес деректерді өңдеуді ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсатын, өңдеуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операциялар) айқындайды.
1.1.2. «Дербес деректер» - белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер.
1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» - дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (таратуды, беруді, қол жеткізуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді, жоюды қоса алғанда, дербес деректермен осындай құралдарды пайдаланбай немесе автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.
1.1.4. «Дербес деректердің құпиялылығы» - дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіздің болмауынсыз оларды таратуға жол бермеу туралы IMB Орталығының немесе дербес деректерге қол жеткізген өзге тұлғаның сақтауы үшін міндетті талап.
1.1.5. «www.imbc.kz сайт пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы)» – www.imbc.kz сайттын пайдаланатын және Интернет желісі арқылы сайтқа кіре алатын тұлға.
1.1.6. «Cookies» — бұл веб-сервер жіберген және пайдаланушының компьютерінде сақталған деректердің кішкене бөлігі, ол веб-клиент немесе веб-браузер тиісті сайттың бетін ашу кезінде әр уақытта веб-серверге http сұрауында жіберіледі.
1.1.7. «IP-мекенжайы» - IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Пайдаланушының www.imbc.kz сайтын пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісуді білдіреді
2.2. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда пайдаланушы www.imbc.kz сайтын пайдалануды тоқтатуы керек.
2.3. Бұл Құпиялылық саясаты тек www.imbc.kz сайтына қолданылады. Сайт пайдаланушы www.imbc.kz сайтында қолжетімді сілтемелер бойынша өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және жауапты болмайды.
2.4. Сайт әкімшілігі www.imbc.kz сайт пайдаланушыларымен ұсынылатын дербес деректердің дұрыстығын тексермейді.
3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ
3.1. Осы Құпиялылық саясаты Пайдаланушы www.imbc.kz сайтына тіркелу кезінде Сайт әкімшілігінің сұрауы бойынша ұсынатын дербес деректерді жария етпеу және құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету бойынша www.imbc.kz Сайт әкімшілігінің міндеттемелерін белгілейді.
3.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді пайдаланушы www.imbc.kz сайтында тіркеу нысанын толтыру жолымен ұсынады және келесі ақпаратты қамтиды:
3.2.1. Компания атауы;
3.2.2. Пайдаланушы Аты жөні;
3.2.3. Лауазымы;
3.2.4. БСН;
3.2.5. Электрондық пошта;
3.2.6. Телефон нөмері;
3.2.7. Компания веб сайты;
3.2.8. Қзметкерлер саны;
3.2.9. Мекен-жай;
3.2.10. Сертификаттар;
3.2.11. Шығарылатын өнім;
3.2.12. Мұнай-газ компанияларына жеткізу тәжірибесі;
3.2.13. CT-KZ сертификаттары;
3.2.14. Жеткізуші біліктілігі.
3.2.15. Жеткізушіні басқа құжаттары.
3.3. www.imbc.kz жарнамалық блоктарды қарау процесінде және жүйенің статистикалық сценарийі («пиксель») орнатылған парақшаларға кірген кезде автоматты түрде берілетін деректерді қорғайды:
• IP мекен жай;
• cookies-ден ақпарат;
• браузер трулаы ақпарат
• қол жеткізу уақыты;
• реферер (алдыңғы парақша мекен-жайы).
3.3.1. Cookies-ті өшіру www.imbc.kz сайтының авторизацияны талап ететін бөліктеріне кіре алмауға әкелуі мүмкін.
3.3.2. www.imbc.kz келушілердің IP-мекенжайлары туралы статистика жинауды жүзеге асырады. Бұл ақпарат техникалық мәселелерді анықтау және шешу үшін қолданылады.
3.4. Любая иная персональная информация неоговоренная выше (используемые браузеры и операционные системы и т.д.) подлежит надежному хранению и нераспространению, за исключением случаев, предусмотренных в п.п. 5.2. и 5.3. настоящей Политики конфиденциальности. Жоғарыда айтылмаған кез келген басқа дербес ақпарат (пайдаланылатын браузерлер мен операциялық жүйелер және т.б.) осы Құпиялылық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақтауға және таратпауға жатады.
4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ
4.1. Падаланшының дербек деректері www.imbc.kz сайтының әкімшілігімен төмендегідей жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:
4.1.1. www.imbc.kz сайтында тіркелген Пайдаланушы идентификациясы www.imbc.kz порталымен жұмыс үшін.
4.1.2. Пайдаланушыға www.imbc.kz сайтының жеке ресурстарына қол жетімділікті беру үшін.
4.1.3. Пайдалнушымен кері байланыс орнату, оның ішінде www.imbc.kz сайтын қолдануға қатысты хабарламалар, сұраныстар жіберу, пайдаланушыдан сұраныстар мен ұсыныстарды өңдеу.
4.1.4. Қауіпсіздікті қаматамасыз ету, алаяақты болдырмау үшін Пайдаланушының орналасу жерін анықтау.
4.1.5. Пайдаланушымен ұсынылатын дербес деректер шынайылығын және толықтығын растау.
4.1.6. Егер Пайдаланушы Ақпаратты жария етпеу туралы келісімдермен танысса және оның шарттарын қабылдаса, мұнай-газ Операторларының (Тенгизшевройл ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. и Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.) жалпыландырылған техникалық талаптарын жүктеу үшін тіркелу жазбасын жасау.
4.1.9. www.imbc.kz сайтын пайдалануға байланысты мәселелер туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету.
4.1.10. Пайдаланушыға оның келісімімен www.imbc.kz атынан өнім жаңартуларын, арнайы ұсыныстарды, жаңалықтар таратылымын және өзге де мәліметтерді ұсыну.
4.1.12. Пайдаланушыға қосымша ақпарат алу мақсатында Қауымдастық мүшелерінің, Қауымдастық Кеңесінің мүшелерінің, OEM-өндірушілердің, www.imbc.kz инвесторларының сайттарына кіруге рұқсат беру.
5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімді шектеусіз, кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады
5.2.Пайдаланушы Сайт әкімшілігі танысу мақсатында дербес деректерді мұнай-газ Операторларына, сондай-ақ мемлекеттік органдарға беруге құқылы екендігімен келіседі.
5.3. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіппен ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына берілуі мүмкін.
5.4. Дербес деректер жоғалған немесе жария етілген кезде Сайт әкімшілігі Пайдаланушыға дербес деректердің жоғалғаны немесе жария етілгені туралы хабарлайды.
5.5. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
6. ТАРАПТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
6.1. Пайдаланушы міндетті:
6.1.1. www.imbc.kz сайтын пайдалану үшін қажетті дербес деректер туралы сенімді ақпарат беру.
6.1.2. Ұсынылған Дербес деректер туралы ақпаратты осы ақпарат өзгерген жағдайда жаңарту, толықтыру.
6.1.3. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
6.2. Сайт әкімшілігі міндетті:
6.2.1. Алынған ақпаратты тек осы Құпиялылық саясатының 4-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдалану.
6.2.3. Дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін сақтық шараларын қолдану
6.2.4. Дұрыс емес дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің немесе Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның өтініші немесе сұрау салуы кезінен бастап, тексеру кезеңіне тиісті пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асыру.
6.2.4. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда дербес деректерді беруді (таратуды, беруді, қолжетімділікті) тоқтату, дербес деректерді өңдеуді тоқтату және жою;
6.2.6. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындау
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Әкімшілікке өзі туралы анық емес мәліметтерді немесе дербес деректердің басқа субъектісі туралы мәліметтерді соңғысының келісімінсіз берген тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
8.1. www.imbc.kz сайтын пайдаланушы және Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап-арызбен сотқа жүгінгенге дейін шағым қою (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс) міндетті болып табылады.
8.2 Шағымды алушы шағымды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шағым берушіні шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді.
8.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Астана қаласының сот инстанцияларында сот органдарының рұқсатына көшіріледі.
8.4. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
9. ҚОСЫМША ШАРТТАР
9.1. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.
9.2. Жаңа Құпиялылық саясаты www.imbc.kz сайтына жариялану кезінен бастап күшіне енеді, егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе.
9.3. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар немесе сұрақтар www.imbc.kz сайты арқылы байланыс бөлімінде (www.imbc.kz/contacts) хабарлануы керек
9.4. Қолданыстағы Құпиялылық саясаты www.imbc.kz мекен жайы бойынша парақшада орналастырылған.
«24» тамыз 2023 ж жаңартылған.