Жергілікті өндірушілердің әлеуетін дамыту

IMB Орталығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі жергілікті өндірушілердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.

Орталық Операторлардың қажеттіліктері бойынша деректерді шоғырландырады, басым тауарларды, техникалық талаптарды сәйкестендіреді. IMB Орталығы жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін, өндірілетін өнімнің Операторлар қоятын техникалық талаптарға сәйкестігін талдайды, мұнай-газ Операторларының сатып алуларына табысты қатысу үшін әлеуетті дамыту бойынша ұсынымдар жасайды.

 

Әлеуетті дамытудың негізгі кезеңдері

1
Талдау

Тауар топтары бойынша жұмыс жасайтын өндірушілерді талдау, Өндірістік алаңдарды аралау.

2
Техникалық бағалау

Өндірістік мүмкіндіктерді бағалау, СМЖ, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша чеклистерді толтыру.  Операторларға жоғары қажеттілікке ие өнімдерді шығарушы өндірушілерді анықтау

3
Олқылықтарды талдау

Өндіріс олқылықтарын және Операторлар техникалық талаптарына  сәйкестікке келтіру бойынша қажетті шараларды анықтау, қолжетімді қолдау шаралары туралы ақпараттандыру, сценарийлерді талдау.

4
Олқылықтарды жою

Өндіруші келіскен жағдайда әлеуетті дамыту жоспары әзірленеді және олқылықтарды жоюға қолдау көрсетіледі.

5
Операторларға ұсыныстар

Операторларға олардың техникалық талаптарына сәйкес әлеуетті жеткізуші ретінде өндірушіні ұсыну.

Әлеуетті дамыту жоспарының негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай-газ машина жасау тауарларындағы елішілік құндылықты арттыру жөніндегі IMB Орталығының міндеттерінің бірі.

Жергілікті өндірушілер үшін пайдалы ақпарат

Операторлардың қажеттіліктері және сұранысқа ие тауарлар туралы толық ақпарат алу үшін мына жерден оқи аласыз.
Сұранысқа ие тауарларды қарау
HOTLINE