IMB Орталығы шағын футболдан "Elorda Cup 2022" қайырымдылық турниріне қатысты

06 маусым 2022
IMB Орталығы шағын футболдан "Elorda Cup 2022" қайырымдылық турниріне қатысты

Ағымдағы жылдың 4 маусымында "Астана Арена" стадионында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен және “Шелл Казахстан” компаниясының ұйымдастыруымен мұнай-газ секторы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары командалары арасында шағын футболдан "Elorda Cup 2022" қайырымдылық турнирі өтті.

IMB Орталығының командасымен бірге 20 команда, оның ішінде ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, НКОК, “Тенгизшевройл” ЖШС, Шелл Казахстан, PSA ЖШС, “КазТрансОйл” АҚ, Шеврон және басқа да ұйымдардың құрамалары қатысты.

Турнир аясында мұнай-газ секторының өкілдері "AYALA" қайырымдылық қорына жарна жіберді.

HOTLINE