IMBC AMPO Kazakhstan зауытының ашылу рәсіміне қатысты

17 қыркүйек 2026
IMBC AMPO Kazakhstan зауытының ашылу рәсіміне қатысты

IMBC клапандар шығаратын AMPO Kazakhstan жаңа кәсіпорнының ашылу салтанатына қатысты.

 

AMPO - мұнай-газ, энергетика және басқа да салаларға арналған жоғары технологиялық өнеркәсіптік арматуралар мен клапандар өндіруге маманданған, әлемге танымал испандық компания.

 

 

Жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту және өндірісті одан әрі жергіліктендіру жолындағы маңызды қадам.

 

Қазақстанда өндірістің іске қосылуымен қатар білім, технологиялар және халықаралық стандарттардың келуі ерекше маңызды. Бұл жергілікті өндірісті одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырады. Зауыт қазірдің өзінде API 6A және API 6D халықаралық сертификаттарына ие болды.

 

IMBC халықаралық өндірушілерді тартуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және Қазақстанның мұнай-газ машина жасау саласындағы ел-ішілік құндылықты (In-Country Value) арттыруға жәрдемдесуді жалғастырады.

 

 

HOTLINE