IMB Орталығы AMANAT партиясы жанындағы Машина жасау комитетінің ұйымдастыру отырысына қатысты

21 қыркүйек 2022
IMB Орталығы AMANAT партиясы жанындағы Машина жасау комитетінің ұйымдастыру отырысына қатысты

2022 жылғы 20 қыркүйекте IMB Орталығы AMANAT партиясы жанындағы Машина жасау комитетінің ұйымдастыру отырысына қатысты, отырыс барысында Комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді.

Комитет құрамына мемлекеттік органдардың, ҚР Парламентінің, даму институттарының, қауымдастықтардың және машина жасау кәсіпорындарының өкілдері кірді.

Комитет отырысы аясында Бас директор Марат Кәрімов IMB Орталығы қызметінің негізгі бағыттары, нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасындағы машина жасау саласының даму перспективалары мен проблемалық мәселелерін талқылады.

Комитеттің негізгі міндеттері машина жасау саласын дамыту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру, машина жасау саласы өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу мәселелері бойынша талдау және ұсыныстар әзірлеу болып табылатындығы атап өтілді.

HOTLINE