IMBC-дің B20 USA Summit 2026 аясындағы үшжақты келісім

09 қараша 2026
IMBC-дің B20 USA Summit 2026 аясындағы үшжақты келісім

2026 жылғы 9 қарашада Вашингтонда (АҚШ) B20 USA Summit 2026 саммиті аясында «Стратегиялық әріптестіктен нақты жобаларға» атты Қазақстан–Америка бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері, соның ішінде 100-ден астам америкалық компанияның өкілдері қатысты. Мұнай-газ машинасын жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) Қазақстанның ресми делегациясы құрамында саммиттің іскерлік бағдарламасына қатысты.

 

Іскерлік бағдарлама аясында «Қазақстан – АҚШ» дөңгелек үстелі де өтті. Екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері инвестиция, сауда, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

 

«Қазақстан - АҚШ» дөңгелек үстелі аясында IMBC америкалық DGC International және A.S.A. Advisory LLC компанияларымен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және мұнай-газ саласына арналған сорғылар мен тығыздағыштар өндірісін жергіліктендіру туралы үшжақты келісімге қол қойды.

 

 

Келісім озық технологияларды тартуға және Қазақстанда API 610 стандартына сәйкес ортадан тепкіш сорғылар мен API 682 стандартына сәйкес бүйірлік тығыздағыштар өндірісін игеруге бағытталған.

 

Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының операторлары осы санаттағы сорғылар мен тығыздағыштарды жыл сайын шамамен 20 млн АҚШ долларына сатып алады. Өндірісті жергіліктендіру қазақстандық кәсіпорындарға осы жобалар үшін жоғары технологиялық жабдық жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Жоба IMBC қызметінің негізгі бағыттарының біріне сай келеді. Бұл бағыт мұнай-газ операторларының қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстанда жабдық өндірісін дамытуды көздейді.

 

IMBC өнімге деген сұранысты талдайды және операторлар, отандық кәсіпорындар мен шетелдік технологиялық серіктестер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

 

HOTLINE