IMBC және ТШО делегациясы Батыс Қазақстан облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады

19 мамыр 2026
IMBC және ТШО делегациясы Батыс Қазақстан облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады

2026 жылғы 19 мамыр Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) делегациясы «Теңізшевройл» (ТШО) басшылығымен бірлесіп Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты өңірдің индустриялық әлеуетін зерделеу және ірі мұнай-газ операторларының сатып алуларындағы ел-ішілік құндылықты дамыту болды.

 

Орал қаласындағы сапар бағдарламасы аясында «Атамекен» мәдениет сарайында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі, сондай-ақ облыс Әкімдігінің басшылығы мен өңірлік бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. БҚО Әкімінің орынбасары Қалиар Айтмұхамбетов қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында «Теңізшевройл» ЖШС Бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаров, IMBC Бас директоры Дастан Әбішев, сондай-ақ БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев баяндама жасады.

 

Сапардың практикалық бөлігі аясында делегация өңірдегі бұған дейін IMBC сарапшыларының алдын ала техникалық бағалауынан өткен бірқатар негізгі машина жасау және сервистік кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «ОралАгроРемМаш» АҚ, «Топан» ЖШС, «Синтез Орал» ЖШС, «Азот зауыты» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ (БКМЖК) және «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ бар.

 

 

Өндірістік қуаттармен танысу қорытындысы бойынша «Теңізшевройл» басшылығы оператордың жеткізу тізбегіне одан әрі интеграциялау үшін БҚО-ның отандық тауар өндірушілерімен өзара іс-қимылды кеңейтуге жоғары қызығушылық білдірді. Өз кезегінде, IMBC өңір кәсіпорындарының әлеуетін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға ниетті.

 

HOTLINE