IMB Орталығы және Honeywell Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

20 желтоқсан 2021
IMB Орталығы және Honeywell Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 7 желтоқсаны - IMB Орталығы және "Ханиуэлл - Автоматтық басқару жүйесі" ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында мұнай-газ машина жасау тауарларының өндірісін жергіліктендіруге қолдау көрсету мақсатында Тараптардың әсерлі ынтымақтастығын зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Honeywell корпорациясы өнеркәсіптік технологияларды әзірлеумен айналысады және Fortune журналымен әзірленген әлемнің 100 жетекші компаниялар тізіміне кіреді. Корпорация аэроғарыштық техника, арнайы материалдар өндірісі, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғимараттар үшін басқару жүйелері секілді салаларда өнімдер мен қызметтер ұсына отырып, әлем бойынша тапсырыс берушілермен жұмыс жасайды.

Honeywell Қазақстанның мұнайгаз саласының кәсіпорындарымен 40 жылдан аса жұмыс жасауда және ірі халықаралық және жергілікті кәсіпорындарда көптеген жобаларды орындады. Honeywell сандық шешімдері өнеркәсіптік нысандардың пайдалану тұтастығын қамтамасыз ете отырып, Теңгіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірістік процестерді қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етеді. "Ханиуэлл - Автоматтық Басқару Жүйесі" ЖШС Қазақстан Республикасындағы Honeywell компаниялар тобының ресми өкілі болып табылады.

HOTLINE