IMB Орталығы Маңғыстау облысы Әкімдігімен Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
АҚТАУ, Қазақстан Республикасы, 2021 жылдың 25 қазаны – IMB Орталығы және Маңғыстау облысы Әкімдігі аймақтағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Кездесуде IMB Орталығы облыстағы мұнай-газ машина жасау жобалары үшін қолдау көрсетуге, инвестиция үшін үшінші тараптарға және машина жасау саласында бірлескен кәсіпорындарға мүмкіндіктер анықтауда қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
Меморандумға қол қою барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар екіжақты ынтымақтастықты бекітуге бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екендігін атап өтті.