IMB Орталығы Ұлттық зияткерлік меншік институтының дөңгелек үстеліне қатысты
2022 жылғы 9 қыркүйекте IMB Орталығы "Инновацияларды құру, оларды қорғаудың және одан әрі дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбында өткізілген Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Qazpatent) дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шара гибридті форматта өтті, оған Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова, Qazpatent, Ғылым қорының, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ, "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ, ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының, Назарбаев Университетінің өкілдері, мұнай-газ машина жасау өндірушілері, сондай-ақ ғалымдар, өнертапқыштар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында IMB Орталығының Бас директоры Марат Кәрімов Орталықтың негізгі қызметімен таныстырып өтті, сонымен қатар 4.0 Индустриясын мұнай-газ машина жасау өнеркәсібіне енгізу жағдайы туралы айтты.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында Qazpatent қызметі, отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті ынталандыру шаралары, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясат, техникалық шешімдерді патенттеу, ғылым мен бизнесті интеграциялау, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар арқылы компанияларды дамыту мәселелері талқыланды.