IMB Орталығы мұнай-газ машинасын жасауды дамыту бойынша Форум өткізді
2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында IMB Орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторлары – "Теңізшевройл" ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. қолдауымен Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ машина жасауды дамытуға арналған Форум өткізді.
Форумның ресми бөлімінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р. В. Скляр, ҚР Энергетика министрі Б. О. Ақшолақов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Р. А. Баймышев, Қазақстан машина жасаушылары одағының Басқарма мүшесі П.И. Беклемишев алғы сөз сөйледі.
Форум аясында ірі мұнай-газ Операторлары басшылықтарының баяндамалары тыңдалды.
Отандық және халықаралық өндірушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі талаптарға таныстыру мақсатында IMB Орталығының Бас директоры М. Ш. Кәрімов атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді.
Шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, қауымдастықтар мен даму институттарының, мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.
Форум мүдделі тараптарды Орталықтың ағымдағы қызметі туралы ақпараттандыратын алаңға айналды, форумға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.