IMB Орталығы Мұнай-газ машина жасау саласының дамуына арналған Форум өткізді

14 шілде 2024
IMB Орталығы Мұнай-газ машина жасау саласының дамуына арналған Форум өткізді

2024 жыл 10 шілдеде Атырау қаласында Қазақстан Рсепубликасының мұнай-газ машина жасау саласының дамуына арналған IMB Орталығының жыл сайынғы Форумы өтті. Шара ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС, сондай-ақ  ірі мұнай-газ операторларының «Тенгизшевройл», Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. и «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қолдауымен өткізілді.


Форумның ресми бөлімінде Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және ҚР ұлттық компанияларының өкілдері алғы сөз сөйледі.  


Форум барысында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындары операторларының қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Презентацияларды «Теңізшевройл» бас директоры Кевин Лион, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директоры Марко Марсили, НКОК басқарушы директоры Джанкарло Руи, сондай-ақ отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер жасады. 


IMB Орталығының бас директоры Әсет Мағауов Форумда сөйлеген сөзінде машина жасау секторындағы жергілікті қамтуды дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті, сонымен қатар Операторлардың қажеттіліктерін талдау бойынша атқарылған жұмыстар мен қазақстандық тауар өндірушілерді ірі мұнай-газ жобаларын игеруге тарту бойынша алдағы жоспарлар туралы баяндады.


Тауар өндірісін жергіліктендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында үш Оператор «Ашық есік күндері» форматында көрме ұйымдастырды. Бұл көрменің мақсаты –ірі кен орындарына сатып алынған жабдықтар мен материалдардың үлгілерін отандық тауар өндірушілерге нақты көрсету мүмкіндігін беру. Көрмеде ТШО, НКОК және ҚПО компанияларының өкілдері қазақстандық кәсіпорындармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында тауарлардың техникалық сипаттамалары, тендерлік рәсімдер, жергілікті жеткізушілерді қолдау тетіктері және мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған жаңа бастамалар талқыланды. 


Форумға сондай-ақ IMB Орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасында өз өндірісін жергіліктендірген шетелдік түпнұсқалы жабдықтарды шығаратын ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл бағыт IMB Орталығының жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады, яғни үш ірі Операторлар, түпнұсқалық жабдық өндірушілер мен әлеуетті инвесторлар арасындағы көпір ретінде бірлескен кәсіпорындар құруға жәрдемдесу.


Іс-шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының 300-ге жуық өкілдері жиналды.


IMB Орталығы мұнай-газ жабдықтарының отандық өндірушілермен ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырып, олардың Операторлармен ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ұмтылады.Форум сондай-ақ жалпы жұртшылықты IMB Орталығының қызметінің нәтижелері және мұнай-газ саласында жергіліктендіруді дамыту және ел ішіндегі құндылықты құру перспективалары туралы ақпараттандыруға бағытталған.


 

HOTLINE