IMB Орталығы өндірісті жергіліктендіру саласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылдың 30 қаңтарында IMB Орталығы елішілік құндылықты дамыту және тауарларды жергіліктендіруді сұрағына арналған "ҚазМұнайГаз" АҚ ҰК (ҚМГ) кеңейтілген отырысына қатысты. Кездесу Парламент Мәжілісінің депутаттарының, Энергетика министрлігі мен Қазақстанның түрлі аймақтарынан отандық тауар өндірушілер өкілдерінің қатысуымен өтті.
IMB Орталығының Бас директоры Әбішев Дастан баяндама жасау барысында Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауар өндірісін дамытуға қолдау көрсету бойынша ұйымның ағымдағы жетістіктері туралы айтып берді, болашаққа деген жоспарлармен бөлісті. Ол өндірісті жергіліктендіру және мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыруда бірлесіп күш салудың маңызыдылығын ерекше атап өтті.
Жиналыс барысында ҚМГ перспективалы жобалары талқыланды, оларға IMB Орталығы белсенді қатысуды жоспарлауда, сондай-ақ елішілік және халықаралық нарықта қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату сұрақтары қарастырылды.
Басқа жаңалықтар


