KIOGE 30-шы Қазақстандық Халықаралық «Мұнай және Газ» көрме мен конференциясы аясында IMBC панельдік сессия өткізді
Дәстүр бойынша халықаралық KIOGE көрмесі аясында Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) Панельдік сессия өткізіліп жүр. Биылғы сессия 2026 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында «Мұнай-газ машина жасау және мұнай-химия» тақырыбында өтті.
Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, ірі Операторлар - ТШО, КПО және NCOC өкілдері, сондай-ақ отандық және халықаралық жабдық өндірушілердің, әлеуетті инвесторлардың және саланың басқа да қатысушыларының 100-ге жуық өкілі қатысты.
Сессия барысында Операторлардың отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимылына, тұрақты жеткізу тізбектерін дамытуға және қазақстандық кәсіпорындардың мұнай-газ компанияларының сатып алуларына қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар сондай-ақ халықаралық өндірушілерді Қазақстанда жергіліктендіру, технологиялар трансферті, жаңа өндірістік құзыреттерді дамыту және бірлескен өндірістер құру мүмкіндіктерін талқылады.

IMBC өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. «Мұндай салалық алаңдар мұнай-газ Операторларының қажеттіліктерін отандық және халықаралық өндірушілердің мүмкіндіктерімен тікелей салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда жергілікті өндірісті дамытуға, жаңа технологияларды тартуға және ел ішінде тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға негіз қалайды», - деп атап өтті IMBC Бас директоры Дастан Әбишев.

KIOGE көрмесі аясында отандық және халықаралық өндірушілермен, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында өндірісті локализациялау, инвестициялық жобаларды іске асыру және Қазақстандағы өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
