IMBС Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткізді

27 тамыз 2026
IMBС Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткізді

2026 жылғы 21 тамызда Астана қаласында IMBC қатысушыларының Жалпы жиналысының отырысы өтті. Отырыс барысында Орталықтың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралды.

 

2021–2026 жылдардағы IMBC қызметінің негізгі бағыттары бойынша нәтижелеріне, оның ішінде сұраныс пен нарықты талдауға, өндірістік мүмкіндіктерді дамыту жоспарларын (CDP) іске асыруға және кеңейтілген алшақтықтарды талдау есебін (AGAR) дайындауға, өндірісті жергіліктердіруге және инвестицияларға жәрдемдесуге, адвокациялық қызметке, сондай-ақ отандық және халықаралық компаниялармен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

 

Сонымен қатар, IMBC-тің тексерілген өндірушілердің онлайн платформасын әзірлеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы оң бағаланды. Платформаны 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Операторлар платформаны іске қосуға қызығушылық білдіріп, оның тиімділігіне, практикалық маңыздылығына және нарықты одан әрі дамыту әлеуетіне жоғары үміт артатынын атап өтті.

 

 

 

Қатысушылар сондай-ақ адвокациялық қызметті дамытуға IMBC-дің қосып отырған елеулі үлесін атап өтті. Алдағы бастамалар аясында ірі жобаларда пайдаланылатын жабдықтарды өндіру мақсатында Қазақстан Республикасында болат өндірісін дамыту, сондай-ақ қажетті зертханалық сынақтарды халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда өткізуге жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аудару жоспарлануда.

 

Қатысушылар сондай-ақ 2026 жылғы 15–16 қазанда Орал қаласында өтетін IMBC Форумын және Операторлардың Ашық есік күнін дайындау және өткізу мәселелерін талқылады. Аталған іс-шаралар Операторлар мен өндірушілер арасында тікелей диалог орнатуға арналған практикалық алаң қалыптастырады.

 

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар IMBC-дің мұнай-газ машина жасауды одан әрі дамытуға, локализация деңгейін арттыруға, халықаралық OEM өндірушілері мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ Операторлар, мемлекеттік органдар және отандық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметіне оң баға берді.

 

 

HOTLINE