IMBC Ақтөбе облысының әкімдігімен және ірі жер қойнауын пайдаланушыларымен келіссөздер жүргізді
2026 жылғы 22 мамырда Бас директор Дастан Әбішев бастаған Мұнай-газ машина жасау дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) делегациясы Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында бірқатар ресми кездесулер өтіп, олардың негізгі тақырыбы – өңірдің мұнай-газ секторындағы ел-ішілік құндылықты дамыту болды.
Сапар барысында IMBC басшылығы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесті. Тараптар өңірдегі машина жасау саласының ағымдағы жай-күйін, жергілікті зауыттар кездестіретін кедергілерді, сондай-ақ Ақтөбе облысының кәсіпорындарын ірі салалық жобаларға тарту бойынша бірлескен қадамдарды талқылады.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласына сапары аясында IMBC делегациясы өңірдегі ірі мұнай өндіруші компаниялар - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «КМК Мұнай» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді. Талқылаудың басты тақырыбы тауарлардағы ел-ішілік құндылық үлесін арттыру болды.
.jpeg)
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сатып алу рәсімдеріне қазақстандық өнім берушілердің қатысуын кеңейтуге бағытталған әлеуетті шараларды әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.