Kaz Elektro Serve Ltd. және IMB Орталығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

02 ақпан 2022
Kaz Elektro Serve Ltd. және IMB Орталығы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою

 

НҰР-СҰЛТАН, 2022 жылдың 1 ақпаны – IMB Орталығы және Kaz Elektro Serve Ltd. (ірі малайзиялық Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясының қазақстандық еншілес кәсіпорны) Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясы осыдан 30 аса жыл бұрын құрылған және машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жеткізу, орнату, сынақтан өткізу және пайдалануға енгізу бойынша қызметтерге мамандандырылған.

Қазіргі күні Kaz Elektro Serve Ltd. халықаралық әріптестермен бірлесіп Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы үшін жабдықтар өндірісін құруды жоспарлап отыр.

IMB Орталығының аумағында Меморандумға қол қою үшін құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Республикасындағы Малайзия елшісі Dato Syed Mohamad Bakri Syed Abd Rahman мырза, Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілік миссиясы басшының орынбасары-министр Badli Hisham Haji Adam мырза, KAZAKH INVEST өкілдері, сондай-ақ Қазақстанға іскерлік сапар шеңберінде делегация құрамында келген Kaz Elektro Serve Ltd. компаниясының еуропалық серіктестері қатысты.

HOTLINE