Батыс Қазақстан облысында жоғары технологиялық тиекті арматура өндіретін орталық ашылды
27 маусым күні Батыс Қазақстан облысы (БҚО), Ақсай қаласында «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» ЗТБ (IMB Орталығы) қолдауымен жоғары технологиялық тиекті арматураны өндіру және қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Жобаны PetrolValves S.p.A - энергетика саласына арналған технологиялық шешімдердің жетекші компаниясы және Merlion Development Group ЖШС бірлескен кәсіпорын "PetrolValves Kazakhstan" ЖШС арқылы жүзеге асыруда.
Инвестицияның жалпы көлемі 3 млрд теңгеден асты.
Салтанатты рәсімге БҚО әкімі Есқалиев Ғ.Н., Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, БҚО Бөрлі ауданының әкімдігі, стратегиялық серіктестер: Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В., Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В., "Теңізшевройл" ЖШС және "Total E&P Dunga", сондай-ақ мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың және итальяндық бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Зауытта 40-тан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
"PetrolValves Kazakhstan" ЖШС технологиялық орталығы қазақстандық және өңірлік мұнай-газ және энергетика өнеркәсібін қолдауға бағытталған. Зауытта жоғары технологиялық клапандарды шығару және халықаралық стандарттар бойынша толық техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсыну жоспарлануда.