IMB Орталығы Атырау облысы Әкімдігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

11 қараша 2021
IMB Орталығы Атырау облысы Әкімдігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

АТЫРАУ, Қазақстан Республикасы, 2021 жылдың 5 қарашасы – IMB Орталығы және Атырау облысы Әкімдігі аймақтағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында IMB Орталығының қызметі және оның Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға ықпал ету бойынша жұмыстары таныстырылды. IМВ Орталығының бас директоры Марат Кәрімов Орталықтың алдында “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.”, «Теңізшевройл» ЖШС және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» сияқты үш ірі оператордың тауар сатып алуларындағы Қазақстандық үлесті ұлғайту міндеті тұрғандығын айтып өтті.

“Мұнай-газ секторы машина жасау өнімінің ірі тұтынушысы екендігін ескере отырып, осы саланы дамыту негізгі басымдық болып табылады”, - деген өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов, алдағы уақытта өңірдегі өндірістің өзекті мәселелерін шешуге IМВ Орталығы қолдау көрсететіндігіне сенім білдірді.

HOTLINE