IMB Орталығы Confindustria Piacenza штаб-пәтерінде өткен Дөңгелек үстелге қатысты

27 маусым 2023
IMB Орталығы Confindustria Piacenza штаб-пәтерінде өткен Дөңгелек үстелге қатысты


Пьяченца, Италия, 20 маусым 2023 ж. - IMB Орталығы Confindustria Piacenza компаниясы ұйымдастырған "БҚО өңірінде және ҚР мұнай-газ секторында бизнесті дамыту мүмкіндіктері; жергіліктендіру, бірлескен кәсіпорындар құру" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелге IMB Орталығының және БҚО өкілдері, энергетикалық сектор, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, Пьяченца өңірінің итальяндық бизнес өкілдері қатысты.

IMB Орталығы дөңгелек үстел барысында Орталық қызметінің негізгі бағыттары, болжамды сұраныс және жергіліктендіру мүмкіндіктері туралы айтты, сондай-ақ IMB Орталығының делегациясы айналмалы және шарлы клапандарын өндіруге маманданған Пьяченцадағы PetrolValves зауытына барды.

Іс-шара қорытындысы бойынша IMB Орталығы мен Confindustria Piacenza арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

HOTLINE