IMB Орталығы ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша Парламент Мәжілісінің отырысында сөз сөйледі

2025 жылғы 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің қабырғасында Парламент депутаттарының, ҚазМұнайГаз ҰҚ, түрлі қауымдастықтар мен отандық өндірушілер өкілдерінің қатысуымен, Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысы барысында жергілікті қамтуды дамыту және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерді, сондай-ақ «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (КПО) жұмыстарын (қызметтерін) жеткізушілерді қолдау мәселелері қаралды.
Іс-шара барысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, КПО Бас директоры Марко Марсили және IMB Орталығының Бас директоры Дастан Әбішев жасалып жатқан бірлекен жұмыс туралы сөз сөйледі. Өз сөзінде Дастан Әбішев Орталықтың қызметі мен нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның ішінде Орталықтың тауар топтары бойынша жүргізген талдауын ұсынды.
Бұл отырыс мұнай-газ секторының ірі жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуында қазақстандық қамтуды дамыту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі Парламент Мәжілісі депутаттары мен Үкімет жұмысындағы кезекті қадам болды.
Басқа жаңалықтар


