IMB Орталығы Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан-Француз бизнес-форумының дөңгелек үстеліне қатысты

03 қараша 2023
IMB Орталығы Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макронның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан-Француз бизнес-форумының дөңгелек үстеліне қатысты

Шараға мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР Энергетика министрлігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, өкілдері қатысты. Сондай-ақ шараға Orano Mining, Assystem Nuclear, Axens, Saint-Gobain, Vicat, Bureau Veritas және ALMTG сияқты қазақстандық кәсіпорындар мен француз компанияларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тараптар энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимылды және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Бас директордың орынбасары Дастан Әбішев IMB Орталығының ағымдағы қызметі туралы баяндады, Қазақстанда мұнай-газ машина жасауды жергіліктендіру мүмкіндіктерін атап өтіп, Француз серіктестерін Қазақстанға инвестициялау мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

HOTLINE