IMBC және ірі мұнай-газ операторлары Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

14 қазан 2025
IMBC және ірі мұнай-газ операторлары Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

9 қазан күні Ақтау қаласында Мұнай-газ машина жасау форумы мен Операторлардың Ашық есік күні аясында мемлекеттік органдардың, Халықаралық мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған орталықтың (IMBC), сондай-ақ ірі мұнай-газ операторлары «Теңізшевройл» ЖШС (TШO), North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) және Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KПО) өкілдерінің қатысуымен Ақтау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарына іссапарлар өтті.

 

Өңірлік кәсіпорындардың қызметімен кеңінен танысу және өндірістік алаңдарды көбірек қамту мақсатында мемлекеттік органдардың, ірі мұнай-газ Операторлары мен IMBC мүшелерінің өкілдерінен құралған делегация төрт жұмыс тобына бөлінді. Мұндай формат технологиялық үдерістерді жан-жақты зерделеуге және машина жасау зауыттары мен жергілікті өндірушілермен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді.

 

Негізгі делегация құрамында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «PSA» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Кисметов, сондай-ақ ірі мұнай-газ Операторларының басшылары – Марко Марсили (KПО), Джанкарло Рую (NCOC), Уильям Лакоби (TШO), Алик Айдарбаев (KKO) және IMBC бас директоры Дастан Әбішев болды.

 

 

Делегация «ATV Kazakhstan» ЖШС, «Kazakhstan Pipe Threaders» ЖШС және «Sewon-Vertex Heavy Industry» ЖШС және т.б. кәсіпорындарды аралады. Аталған кәсіпорындар клапандар, құбыр өнімдері, жылу алмастырғыштар, ауа салқындатқыштар және АСЖЖ жүйелерін өндіреді.

 

Іссапар барысында кәсіпорындардың өндірістік қуаттары мен технологиялық мүмкіндіктері таныстырылып, ынтымақтастықты кеңейту, жергілікті қамтуды арттыру және отандық машина жасау саласының өндірістік әлеуетін күшейту мәселелері талқыланды.

 

 

Өткізілген іссапарлар мемлекеттік құрылымдар, ұлттық өндірушілер және ірі мұнай-газ компаниялары арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ өңірлік кәсіпорындардың IMBC қызметіне белсенді тартылуына ықпал етеді.

HOTLINE