IMBC және ірі мұнай-газ Операторлары Ақтауда Мұнай-газ машина жасауын дамыту Форумын өткізді

10 қазан күні Ақтау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының Мұнай-газ машина жасау Форумы және Операторлардың Ашық есік күні өтті.
Іс-шара Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, «PSA» ЖШС-нің, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларының операторлары – «Теңізшевройл» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V., Karachaganak Petroleum Operating B.V., Kalamkas-Khazar Operating және «Silleno» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум отандық өндірушілер көрмесінің ашылуымен басталды, онда қазақстандық кәсіпорындардың жабдықтары мен өнімдерінің үлгілері ұсынылды. Қатысушылар мен ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері елдің мұнай-газ секторында қолданылатын жабдықтар мен материалдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Форумның пленарлық сессиясын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов ашып, өз құттықтау сөзінде энергетика саласының тұрақты дамуы мәселелерінде мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, форумның елдің мұнай-газ саласын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Сессия модераторы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин сөз сөйледі.
Сонымен қатар, құттықтау сөздерімен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов сөз сөйледі.
Ірі мұнай-газ операторларының басшылары – Джанкарло Рую (NCOC), Марко Марсили (KПО), Уильям Лакоби (TШO), Алик Айдарбаев (KKO) және Мұхтар Аутбаев (Silleno) жергілікті қамтуды дамыту және қазақстандық өндірушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі өздерінің ағымдағы бастамалары туралы баяндама жасады.
IMBC Бас директоры Дастан Әбішев өз сөзінде елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мен мұнай-газ жобаларының жеткізу тізбектерінде отандық компаниялардың үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол IMBC-ның ел ішіндегі құндылықты (ICV) дамыту мен қазақстандық машина жасау саласының ұлттық және халықаралық деңгейде нығаюына бағытталған жүйелі жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.
«Мұнай-газ машина жасаудың дамуы – бұл тек индустриялық саясаттың мәселесі ғана емес, сонымен бірге қазақстандық кәсіпорындар ел ішінде қосылған құн тізбегін қалыптастыруда басты рөл атқаратын тұрақты экономиканы құру жолы», – Дастан Әбішев деді.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде Операторлар мен отандық компаниялар арасында жалпы сомасы шамамен 440 миллион АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімшарттарға қол қойылды. Бұл ұлттық өнеркәсіпті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Күннің екінші жартысында Операторлармен B2B-кездесулер өтті, олардың барысында қатысушылар жобаларда қолданылатын мұнай-газ өнімдерінің электрондық каталогтарымен, соның ішінде нақты тауарларға қатысты техникалық сипаттамалар мен талаптармен танысты. Сондай-ақ ТШО, NCOC, КПО, KKO және KMG PetroChem әлеуетті жеткізушілермен өзара іс-қимыл мәселелерін қамтитын сатып алу бойынша мамандандырылған сессиялар өткізді.
Форумға мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, салалық қауымдастықтардың, отандық және халықаралық өндірушілердің, сондай-ақ трансұлттық мұнай компанияларының өкілдерін қоса алғанда 400-ден астам қатысушы жиналды.
Іс-шара IMBC-ның Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту шеңберінде мемлекеттік органдар, отандық өндірушілер және ірі мұнай-газ операторлары арасындағы стратегиялық диалог үшін негізгі алаң ретіндегі мәртебесін растады.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/734545-aktauda-munaj-gaz-kompanialarynyn-forumy-otti