IMBC «КАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС – 2026: мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» конференциясына қатысты
Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың (IMBC) Бас директоры Дастан Әбішев жыл сайынғы «КАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС – 2026: Мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» конференциясы аясында өткен Операторлар секциясында сөз сөйледі.
«КАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС – 2026» конференциясы — жер қойнауын пайдаланушыларды, мұнай-сервис саласының өкілдері мен мемлекеттік органдарды біріктіретін жетекші салалық алаңдардың бірі.
Дастан Әбішев Халықаралық орталық қызметінің ағымдағы жай-күйімен, сондай-ақ елішілік құндылықты дамытуға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жұмыстың негізгі бағыттарын таныстырды.
IMBC қызметінің басым бағыттарына ерекше назар аударылды, оның ішінде: мұнай-газ жабдықтарын жергіліктендіруді дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, технологиялар мен инвестицияларды тарту, ірі мұнай-газ жобаларының операторларымен өзара іс-қимылды кеңейту.
Бас директор отандық тауар өндірушілер нарығын Операторлардың талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне кешенді бағалау шеңберінде әлеуеті жоғары 80-нен астам өндіруші анықталғанын атап өтті. Атап айтқанда, олардың қажетті технологиялық базасы, халықаралық сертификаттары және халықаралық жобаларға өнім жеткізу тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, «Полиэтилен» және газды сепарациялау кешені жобалары бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аталған жобалардың EPC-мердігерлері 197-ден астам өндірушіні алдағы сатып алулардың әлеуетті қатысушылары ретінде анықтады. «Полиэтилен» жобасына бағандар, полиэтилен құбырлары, қысым датчиктері, трансформаторлар сияқты тауарларды жеткізуге өндірушілермен келісімшарттар жасалды.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС өкілетті органының және ірі операторлардың бірлескен күш-жігерінің арқасында бүгінгі таңда Операторлар мен отандық өндірушілер арасында жалпы сомасы 800 млн АҚШ долларынан астам болатын 200-ден астам келісімшарт, сынақ тапсырыстары мен жеткізуге өтінімдер жасалғаны атап өтілді.
Іс-шара барысында Дастан Әбішев мұнай-газ сервисін дамытуға қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальмен марапатталды.
.jpg)
«КАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС – 2026» конференциясының өткізілуі оның Қазақстанның мұнай-сервис саласының тұрақты дамуына ықпал ететін тиімді ақпараттық-диалогтық платформа ретіндегі мәртебесін кезекті рет растады.
