Kalamkas-Khazar Operating компаниясы IMB Орталығымен бірлесіп «Қаламқас-теңіз және Хазар жобасында отандық тауар өндірушілерге арналған мүмкіндіктер» Форумын өткізді.
2024 жылғы 26–27 қараша аралығында Ақтау қаласында «Қаламқас-теңіз және Хазар жобасындағы отандық тауар өндірушілерге арналған мүмкіндіктер» Форумы өтті.
Форумның бірінші күні IMB Орталығының Бас директоры Әбішев Дастан Бахытұлы сөйлеген сөзінде ірі Операторлардың қажеттіліктерін талдау бойынша IMB Орталығының жүргізген талдауын ұсынды, сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілерді ірі мұнай-газ жобаларын игеруге тарту жөніндегі алдағы жоспарларын баяндады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты Қаламқас-теңіз және Хазар жобасына қажетті материалдар мен жабдықтар жасау бойынша отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін анықтау. Форум аясында «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС мен отандық кәсіпорындардың өкілдері арасында B2B форматында кездесулер өтті.
Іс-шараға 50-ден астам отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындары қатысты.