Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі IMBC қызметкерлерін марапаттады

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай, жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесі үшін Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы (IMBC) қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Бас директор Дастан Әбішевті «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, жұмысындағы елеулі жетістіктері мен саланы ілгерілетуге қосқан үлесі үшін QA/QC сарапшысы Айгүл Есболова, HSE сарапшысы Ермек Тентек пен Сертификация жөніндегі сарапшы Азамат Богуспаевты Алғыс хаттармен марапаттады.
Марапаттау рәсімінде IMBC мұнай-газ машина жасау саласын дамытудағы, сондай-ақ мемлекеттік органдар, Операторлар және отандық тауар өндірушілер арасындағы тиімді әріптестікті қалыптастырудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.