Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында IMBC және Chemelex LLC компаниялары Келісімге қол қойды

13 қараша 2025
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында IMBC және Chemelex LLC компаниялары Келісімге қол қойды

барысында, IMBC ресми делегация құрамына кірген, Chemelex LLC (АҚШ) және Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы (IMBC) арасында Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою рәсімі өтті.

 

Келісімге қол қоюдың ресми салтанаты «Орталық Азия – АҚШ» саммиті аясында өтті. Қол қойылған Келісім Қазақстан аумағында өздігінен реттелетін жылыту кабельдерінің өндірісін жергіліктендіруге бағытталған және ол мұнай-газ, тау-кен-металлургия салаларының, сондай-ақ өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналмақ. Жобаны іске асыру импортқа тәуелділікті азайтуға, ірі жобалардағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға және елге технология трансферін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Келісімнің жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық компанияларды өндірістік тізбектерге тартуға ықпал етеді. Жоба ұлттық индустриялық базаны нығайтуға және машина жасаудың жоғары технологиялық сегментін дамытуға елеулі үлес қосады.

 

 

Келісімге қол қою Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген кең ауқымды келісімдердің бір бөлігі болды. Сапар барысында Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, білім беру және инновациялар салаларын қамтитын 29 екіжақты құжатқа қол қойылды.

 

Chemelex LLC - электрлік жылу және сенсорлық шешімдерді (өздігінен реттелетін жылыту кабельдері) әзірлейтін және жеткізетін жаһандық компания. Chemelex өз өнімдерін ТШО, КПО және NCOC сияқты ірі мұнай-газ операторларына және басқа да клиенттерге жеткізуде тәжірибеге ие.

HOTLINE