Өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өту шығындарын өтеу шегі көтерілді

13 қараша 2025
Өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өту шығындарын өтеу шегі көтерілді

IMBC-дің  Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Энергетика министрлігімен ұзақ мерзімді бірлескен жұмысының нәтижесінде отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өту шығындарын өтеу шегі 3000 АЕК-тен 15000 АЕК-ке дейін ұлғайтылып жалпы, бағдарлама бюджеті 2 млрд теңгеден астам.

 

Бұған дейін IMBC жүргізген қазақстандық мұнай-газ машина жасау өндірушілері нарығын талдау нәтижесінде ірі халықаралық мұнай-газ жобаларының сатып алу процесіне қатысуға кедергі келтіретін жүйелі тосқауыл - халықаралық сертифиаттардың жоқтығы -  анықталған болатын.

 

Отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің мүдделерін қорғау аясында IMBC Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сертификаттау шығындарын өтеу шегін арттыру туралы ұсыныстар еңгізді.

 

Осы жұмыстың нәтижесінде "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2025 жылғы 23 қазанда № 448 бұйрық қабылданды.

 

Аталған өзгерістерді іске асыру отандық өндірушілерге шығындарын 60 млн теңгеге дейін өтеуге мүмкіндік береді, бұл халықаралық сертификаттаудан өтуге байланысты қаржылық жүктемені және рисктерді азайтады.

 

Халықаралық сертификаттардың болуы өндірушілерге ірі қазақстандық мұнай-газ жобаларының сатып алуларына қатысуға ғана емес, сондай-ақ экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мұнай-газ өнімдерінің импорт деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

 

Аталған мемлекеттік қолдау шарасының операторы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ. Осыған байланысты мүдделі отандық өндірушілер QazIndustry-ге жүгіне алады.

HOTLINE