Әлеуетті дамыту арқылы жергілікті өндірушілерді қолдау

24 қаңтар 2024
Әлеуетті дамыту арқылы жергілікті өндірушілерді қолдау

Қазақстандағы мұнай-газ саласы – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуында маңызды рөл атқаратын негізгі салалардың бірі. Машина жасаудағы мақсаты қазақстандық дайын өнімді импортты алмастыру және жергілікті өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру болып табылатын елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын іске асыру мұнай-газ саласымен тығыз байланысты. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа тауарларды өндіруде отандық машина жасаушылардың әлеуетін арттыру сыртқы нарықтарға қолжетімділікті ашады және қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

 
2021 жылы Қазақстан үкіметінің бастамасы бойынша мұнай-газ кен орындарының үш ірі Операторы – Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг Компани "Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы" - IMB Орталығын құру бойынша қолдау көрсетілді. 


Орталықтың міндеті – үш ірі Оператордың пайдалануы үшін Қазақстанда мұнай және газ өнімдерін өндіруді дамытуға жәрдемдесу. Орталық – Операторлар мен машина жасаушылар арасындағы байланысты орнатушы болып табылады. Оның қызметі – талдау, болжау, шешімдер ұсыну және өндірушілерге техникалық қолдау көрсету.


"Орталық алдағы 10 жылда үш Оператор арасында сұранысқа ие болатын өнімдерге мұқият талдау жасайды", - дейді IMB Орталығы Бас директорының орынбасары Дастан Абишев. – Біз сондай-ақ өндірушілеріміздің мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз – олар қажеттіліктерді қалай және қаншалықты қанағаттандыра алады. Орталық қажетті тауарларды шығаратын жергілікті өндірушілердің "ұзын тізімін" жасайды. Біз оларды ынтымақтастыққа шақырамыз".

 


Орталық еліміздің түкпір-түкпірінде мұнай-газ машина жасау жабдықтарын шығаратын отандық компаниялармен серіктестік орнатуға ұмтылады. Оның өкілдері қазірдің өзінде өндірістің мүмкіндіктері мен перспективаларын зерттеу, Операторлардың талаптары мен ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалау үшін 150-ден астам кәсіпорынға барды.


Деректерді жинап, IMB Орталығының мамандары отандық компаниялардың әлеуетін дамыту жоспарын әзірлеуде. Құжат өндірістегі олқылықтарды жоюға және өнім сапасын халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған нақты қадамдарды қамтиды. Бұл тәсіл стандарттарды көтеруге ғана емес, сонымен қатар жаһандық серіктестермен табысты өзара әрекеттесу үшін жағдай жасауға бағытталған.

 

"Жоспар – бұл нақты практикалық ұсыныстар, оларды орындай отырып, отандық кәсіпорындар мұнай өндіруші компаниялардың талаптары мен стандарттарына жауап беретін өнімдер шығара алады", - деп атап өтті IMB Орталығының техникалық менеджері Темірхан Әлібай. – Осы ұсыныстарды жасау үшін біз кәсіпорындардағы барлық технологиялық процестерді тексереміз. Егер біз олқылықтарды тапсақ, біз оларды қалай жою керектігін қадамдармен сипаттаймыз. Бұл әлеуетті дамыту жоспары. Техникалық талаптарды орындаудан басқа, бұл жоспар сапа менеджменті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жүйелеріне сәйкестікті де қамтиды". 


Жоспарды жүзеге асыру кезеңінде Орталық мамандары өндірушілерге толықтай ірі Операторларға сенімді жеткізуші ретінде ұсынылғанға дейін көмектесуді жалғастырады. 

 


Айгүл Есболова, IMB Орталығының техникалық сапа бойынша сарапшысы: "Олқылықтарды бағалауды жүргізу – басқарудың жаңа жүйесін енгізудегі немесе қолданыстағы басқару жүйесінің деңгейін бағалаудағы маңызды қадам болып табылады.
Олқылықтар ұйымыңызда жетіспейтін нәрсені білдіреді: ол құжат немесе жазба немесе жоспарланған нәтижеге жету үшін қажет саясат немесе орта болуы мүмкін.


Менеджменттегі сапа бөлімінің рөлі өте маңызды, әсіресе компания тұрақты дамуға байланысты өршіл мақсаттарды қойған жағдайда. Сапа бөлімі басқа бөлімшелерде жоқ артықшылыққа ие, атап айтқанда проблемалар немесе олқылықтар туралы хабардар болу. Дәл осы сапа мамандары анықталған олқылықтарды кәсіби талдауды қамтамасыз етіп, шешімдерді ұсынуы керек".


Стандарттар деңгейін бағалау үшін Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниялары сатып алынатын тауарлардан жоғары сапаны талап етіп қана қоймай, сонымен қатар осы тауарларды шығаратын компаниялардың өндірісті еңбекті қорғау, қоршаған орта және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қатаң түрде белгіленген талаптарға сай ұйымдастырғанына сенімді болуы керек.


"Біз өрт қауіпсіздігі жүйесін, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуын тексереміз, еңбекті қорғау бөлімінің өкілдері мен өндірістік персоналдың барлық қажетті сертификаттары мен біліктілігі бар екеніне көз жеткізу керек", - Ермек Тентек, ҚТ, ЕҚ және ҚОҚ бойынша IMB Орталығының сарапшысы. – Сонымен қатар, Қазақстан заңнамасына және ISO 14001 – бұл экологиялық стандарт және ISO 45001 – бұл еңбекті қорғау және қауіпсіздік стандарты бойынша халықаралық сертификаттау ережелеріне сәйкес экологиялық менеджмент пен құжаттаманың талдауы жүргізіледі. Біздің зауыт үшін жұмысымыздың нәтижесі жақсарту бойынша ұсыныстар болып табылады".

 


Барлық ұсыныстар орындалып, кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана Орталық ірі Операторларға өндірушіні әлеуетті жеткізуші ретінде ұсына алады.


"Біз өнімдердің бірінші тобы – клапандар, бақылау-өлшеу аспаптары және электр жабдықтары бойынша бастамаларымызға қатысуға ниет білдірген және өндірушілерге техникалық қолдау көрсету сатысында тұрған 7 кәсіпорынның әлеуетін дамыту жоспарларын әзірледік. – деді IMB Орталығы Бас директорының орынбасары Самат Сәрсенғалиев. – Кейбіреулерін мұнай-газ кен орындарының Операторларына ұсынған болатынбыз. Жарғылық құжаттарға сәйкес біздің Орталық Операторлардың сатып алу қызметіне апаласпайтынын атап өткен жөн."


Екінші тауар тобы – жылыту, желдету, ауа баптау жүйелері, сорғылар, сүзгілер және құбыр өнімдері бойынша жаңа даму жоспарлары дайындалуда".


2023 жылы үш Оператор Орталыққа қазақстандық өндірушілер де бағаланатын өнімдердің жаңа тобын ұсынды. Деректерді жинау және талдау аяқталу сатысында.


IMB Орталығының ұзақ мерзімді басымдығы – Операторлар мен өндірушілер арасында тиімді ынтымақтастық орнату, бизнеске кедергілерді жою, өзара тиімді өндірістік экожүйені құру бойынша күш-жігерді біріктіру, отандық мұнай-газ машина жасау саласын жаңа сапа деңгейіне шығару.

 

Дереккөз: tengrinews.kz 

HOTLINE