SILLENO IMBC қатысушылары қатарына қосылды

2025 жылғы 15 қыркүйекте Атырау қаласында SILLENO ЖШС-нің IMBC құрамына қосылуына арналған салтанатты келісімге қол қою рәсімі өтті.
Бұл оқиға ынтымақтастықты нығайту және IMBC мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы маңызды қадам болды. Жаңа қатысушының қосылуы IMBC-дің талдамалық базасын кеңейтіп, болашағы зор мұнай-газ жобаларында сұранысқа ие тауарларды тереңірек талдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл ақпаратты шоғырландыру мен ауқым әсерін жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бес ірі оператордың сұранысын біріктіру отандық өндірушілерге ірі партиялар шығаруға шоғырлануға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және маркетинг пен нарықты талдау шығындарын азайтуға жол ашады. Бұл бағыттағы нәтижелер сөзсіз ел экономикасына оң әсерін тигізеді.
IMBC тұтынылатын тауарларды, өндірушілер нарығын жан-жақты талдау бойынша және әлеуетті арттыруға жәрдемдесу бойынша жұмыстарын Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық перспективалы мұнай-газ жобаларын барынша қамту мақсатында жалғастыруда.
SILLENO ЖШС Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірін жүзеге асыруда – Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы. Құны 7 млрд АҚШ долларынан асатын жоба акционерлердің қатысуымен жүзеге асырылуда: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (40%), СИБУР Холдинг ЖАҚ (30%) және Sinopec Overseas Investment Holding (30%). Өндірісті іске қосу 2029 жылға жоспарланған.