IMBC бас директоры Атырау облысының Әкімімен отандық өндірісті дамыту мәселелерін талқылады

29 шілде 2026
IMBC бас директоры Атырау облысының Әкімімен отандық өндірісті дамыту мәселелерін талқылады

Жұмыс сапары аясында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовпен кездесу өтті.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Машина жасаушылар одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев қатысты.

 

Кездесу барысында машина жасау саласын дамытуға қатысты келесі негізгі мәселелер қаралды:

  • ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу;
  • мұнай-газ жабдықтарын өндіретін отандық кәсіпорындардың әлеуетін дамыту және ірі жобалардағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;
  • өндірістерді жергіліктендіру;
  • ірі операторлар мен өндірушілер арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейту;
  • сала кәсіпорындары үшін білікті кадрлар даярлау;
  • Атырау облысында халықаралық OEM өндірушілерінің өндірістерін жергіліктендіруге бағытталған жаңа мамандандырылған арнайы экономикалық аймақ құру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген сынақ зертханасын ашу;
  • мұнай-газ саласына қажетті ASTM стандартына сәйкес болат маркаларын өндіруді дамыту.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Атырау облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендіруге, отандық машина жасауды дамытуға және қазақстандық кәсіпорындардың ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейтуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниеттерін растады.

 

Жұмыс сапары аясында делегация Атырау облысының бірқатар өндірістік алаңдарын да аралады.

 

 

 

HOTLINE