IMB Орталығы "Astana Polytechnic" Жоғары колледжіне барды

02 мамыр 2023
IMB Орталығы "Astana Polytechnic" Жоғары колледжіне барды

2023 жылғы 27 сәуірде IMB Орталығы "Astana Polytechnic" Жоғары колледжіне барды. Сапар барысында IMB Орталығының қызметкерлері білім беру мекемесінің жұмыс жүйесімен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен, Bosch, Knauf, Техниколь сияқты ресурстық және оқу орталықтарымен танысты, сондай-ақ жұмыс орындарында студенттер мен оқытушылармен әңгімелесті.

Кездесу барысында IMB Орталығының қызметкерлері мен жоғары колледж әкімшілігі арасында әріптестік диалог өтті, онда мұнай-газ машина жасау саласындағы болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері және студенттер жұмысқа орналасу кезінде қандай мәселелерге тап болатыны талқыланды.

Әріптестік диалог аясында Бас директор Марат Кәрімов IMB Орталығының негізгі қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ еңбек ресурстарына сұраныстың Ұлттық болжамына сәйкес машина жасау саласындағы сұранысқа ие мамандар бойынша орта мерзімді кезеңге (2024 жылдан 2028 жылға дейін) жалпы қажеттілікті атап өтті.

HOTLINE