IMB Орталығы 2023 жылғы Халықаралық оффшорлық технологиялар көрмесі мен конференциясына қатысты

11 мамыр 2023
IMB Орталығы 2023 жылғы Халықаралық оффшорлық технологиялар көрмесі мен конференциясына қатысты

Хьюстон, АҚШ, 1-5 мамыр 2023 ж. - IMB орталығы төрт күндік Халықаралық оффшорлық технологиялар көрмесі мен конференциясына көрмесіне қатысты 2023 (OTC).

Бас директордың орынбасары Д. Абишев және Техникалық мәселелер жөніндегі менеджер Т. Әлібай әртүрлі елдерден (АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Нидерланды, Франция, Оңтүстік Корея, Германия, Үндістан, Қытай, Тайвань және т.б.) мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің стендтерін, әртүрлі американдық қоғамдар мен стандарттау институттарының (ASME, ASTM және т.б.) стендтерін аралады, сонымен қатар мүдделі тараптармен байланыс орнатып және пікір алмасты.

Сондай-ақ, IMB Орталығы NCOC ұйымдастырған түрлі дөңгелек үстелдерге және сессияларға қатысты. Осындай іс-шаралар аясында IMB Орталығы өзінің қызметі туралы айтып, инвестициялар мен жергіліктендіруге жәрдемдесудегі, сондай-ақ үш ірі Операторымен жұмыс істеудегі рөлін атап өтті.

Анықтама: OTC халықаралық оффшорлық технологиялар көрмесі мен конференциясы Хьюстонда 1969 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. ОТС-Солтүстік Американың мұнай-газ саласындағы ең ірі және танымал оқиға. Көрмеге әлемнің 40 елінен 2,000-нан астам кәсіпорындар мен компаниялар қатысады. Жыл сайын көрмеге мұнай-газ саласының 60,000 маманы келеді.

 

 

HOTLINE