IMB Орталығы Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткізді

2025 жылдың 11 шілдесінде Астана қаласында Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы өтті.
Жиналысқа Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. және "Теңізшевройл" ЖШС жоғары басшылығы қатысты (бұдан әрі – Операторлар).
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Бас директоры Марко Марсили мырза Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының төрағасы болып сайланды. Өзінің алғы сөзінде Марко Марсили мырза IMBC ұжымына алғысын білдіріп, IMBC бүгінгі таңда мұнай-газ машина жасау тауарларын өндірушілер нарығы туралы кең құзыретке ие екенін атап өтті.
Жиналыс барысында IMBC 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өз жұмысының нәтижелерін және 2025 жылдың соңына дейін қойылған міндеттердің орындалу мәртебесін таныстырды.
Операторлар IMBC атқарған жұмысын жоғары бағалап, соңғы жылдардағы елеулі прогресті атап өтті және IMBC Операторлар мен барлық сала үшін құнды әріптеске айналғаны атап өтілді.
Жиналыс соңында Операторлар мен IMBC Өзара қарым-қатынастар туралы келісімге өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Өзара қарым-қатынастар туралы келісімге түзетулер қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған IMBC мүмкіндіктерін арттыру үшін IMBC өкілеттіктерін кеңейтеді және халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-газ машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын көрсетеді.
Басқа жаңалықтар


