IMB Орталығы Атырауда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі жобаларында тауарларды оқшаулау мүмкіндіктері бойынша Семинар өткізді
2024 жылғы 12 желтоқсанда Атырау қаласында Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі жобаларында В тауар тобы (құбыр өнімдері, сорғылар мен тығыздауыштар, АЖЖБ жүйелері және технологиялық сүзгілер) бойынша мұнай газ машина жасау тауарларын жергіліктендіру мүмкіндіктері бойынша Семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен және Petrocouncil ұйымдастырушылық қолдауымен өтті. Сондай ақ, іс-шара ірі мұнай-газ Операторларының “Теңізшевройл” ЖШС (ТШО), “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.” (ҚПО) және “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В (NCOC)” қатысуымен өткізілді.
Семинардың ресми бөлігін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек ашты, ол сөз барысында жер қойнауын пайдалану мақсатында қолданылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ел-шілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты негізде ірі мұнай-газ Операторларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмысты атап өтті.
Семинар аясында IMB Орталығының Бас директоры Дастан Әбішев алға сөз сөйледі, сонымен қатар Орталығының қызметі мен нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның ішінде Орталығының В тауар тобы бойынша жүргізілген талдауын ұсынды.
Сонымен қатар, IMB Орталығының Бас директорының орынбасары Самат Сарсенгалиев әлеуетті дамытудың жеке жоспарын (Capacity Development Plan – CDP) әзірлеу бөлігінде отандық өндірушілермен жұмыс істеу тәсілін ұсынды.
Іс-шара барысында NCOC Басқарушы директорының орынбасары Ерлан Мұқай сөз сөйлеп, жергілікті қамтуды ұлғайту саласында жүргізіліп жатқан NCOC қызметі және Солтүстік Каспий жобасы Операторының IMB Орталығымен бірлескен жұмысы туралы айтты.
«Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту ел үшін стратегиялық мәселе болып табылады және біз бұл маңызды бағытта барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Тек биыл ғана ТШО қазақстандық компаниялармен 20-дан астам келісімшартқа қол қойды. Біз Энергетика министрлігімен елішілік құндылықты дамыту бағдарламалары бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз», - ТШО-ның өндіріс бөлімінің бас менеджері Стивен Коннер атап өтті.
Семинар барысында КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі менеджері Арман Аманжол жергілікті жеткізушілерді қолдау тетіктерін, КПО-ның жеткізушілерге қойылатын талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ В тауар тобы бойынша келесі үш жылға арналған КПО қажеттіліктері бойынша жаңартылған ақпарат ұсынылды.
IMB Орталығының Техникалық менеджері Ибрагим Аманкулов Қазақстан Республикасының аумағында өндірістерді жергіліктендіруге және технологиялар трансфертіне шоғырланған инвестицияларды тарту бөлігінде Орталық жұмысының бағыты туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Семинар барысында ірі мұнай-газ Операторлары мен Қазақстандық жеткізушілер арасында жалпы сомасы шамамен 17 млн АҚШ долларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану үшін материалдарды сатып алуға 10 келісімшарттарға қол қойылды.
Семинар барысында жергілікті өндірушілер тауарларының көрмесі ұйымдастырылды, онда бірқатар қазақстандық компаниялар В тауар тобы бойынша өздері шығаратын өнімдерді көрсетті.
Күннің екінші жартысында Арнайы сессия барысында В тауар тобы бойынша негізгі техникалық талаптар бойынша презентация кезінде Сарапшылар Әділжан Нұртазаев, Нуркен Курманбаев және Азамат Богуспаев сөз сөйледі. IMB Орталығының сарапшылары құбыр өнімдері, сорғылар мен тығыздауыштар, АЖЖБ жүйелері және технологиялық сүзгілер бойынша барлық талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, жабдықтың негізгі түрлері бөлек көрсетілді. Талқылау барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинарды қорытындылай келе, IMB Орталығы отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілермен өзара әрекеттесуді жалғастыруға дайын екендігін растап, оларға ірі мұнай-газ Операторларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуда жәрдем көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Семинарға 151-ге жуық шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, оның ішінде қатысты 58-ге жуық компаниялар отандық тауар өндірушілер қатысты.