IMBC Шымкент қаласының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2025 жылғы 3–5 маусым аралығында IMBC және «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығы мен салалық мамандары Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты – өңірлік органдармен және жергілікті зауыттармен ынтымақтастықты дамыту, жергілікті өндірісті өркендету және локализацияға қолдау көрсету.
Бағдарлама аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, IMBC Бас директоры Дастан Әбішев, ТШО Бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов және Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Айбек Қрамбаев арасында ресми кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар жергілікті өндірушілерді дамытудың ұзақ мерзімді мәселелерін талқылады.
«Біздің басты міндеттеріміздің бірі – жергілікті өндірушілерді қолдау және дамыту. Шымкентке сапарымыз өңірдің өндірістік әлеуеті жоғары екенін көрсетті», – IMBC бас директоры Дастан Әбішев деді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының өндірістік әлеуетімен, ТШО-ның жоспарлары мен ұсыныстарымен, IMBC қызметімен таныстыру мақсатында бизнес-қоғамдастықпен кездесу өтті. Кейін IMBC делегациясы Шымкент қаласы әкімдігі және ТШО өкілдерімен бірге Karlskrona, AZIA Trafo, HILL Corporation, ЗЭМИ және басқа да жетекші өндіріс орындарын аралады.
«ТШО өндірістік әлеуетті мұқият зерттейді және сапа, қауіпсіздік пен ашықтыққа негізделген жүйелі тәсілге ерекше мән береді. Жергілікті кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға бейімделуге дайындығы және диалогқа ашықтығы маңызды. Бұл болашақтағы ынтымақтастық үшін берік негіз қалыптастырады», –ТШО Бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов деді.
Сапардың қорытындысы бойынша IMBC мен Шымкент қаласы әкімдігі арасында мұнай-газ машина жасау саласындағы тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум тараптардың жергілікті өндірушілердің әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға, технологиялар трансферіне және жаңа өндірістерді локализациялауға бағытталған күштерін біріктіруді көздейді.
IMBC Шымкенттің жоғары өнеркәсіптік әлеуетін, заманауи өндірістердің бар екенін және экспортқа бағытталған секторды дамытуға ұмтылысын ерекше атап өтеді.
Басқа жаңалықтар


