IMBC Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға іссапар жасады

2025 жылғы 21 тамызда Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығы (IMBC) Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясы делегациясының Ақтау қаласына сапарына қатысты.
Бағдарлама аясында делегаттар аймақтағы құбыр өнімдерін, оқшаулағыш материалдарды, химикаттарды және мұнай-газ саласында сұранысқа ие өзге де тауарларды шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.
Сапарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, КПО басшылығы, Маңғыстау облысы әкімдігі және «PSA» ЖШС қатысты.
Күннің екінші жартысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамыту тетіктері және ауқымды мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруда тауарларды жергіліктендірудің рөлі талқыланды. Сапардың қорытынды бөлігі жергілікті өндірушілердің өнімдері көрмесін аралауы болды.
IMBC Операторлармен, мемлекеттік органдармен және отандық компаниялармен бірлесе отырып, Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау саласында жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмысын жалғастырады.