IMBC «Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамыту» КПО Форумына қатысты.

2025 жылғы 4 сәуірде Орал қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ірі мұнай-газ жобаларында елішілік құндылықты дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде «Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамыту» Форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, IMB Орталығының Бас директоры Дастан Әбішев, «Атамекен» ҰКП, «PSA» ЖШС және 30-дан астам отандық тауар өндірушілер қатысты.
Бұл форум жергілікті қамтуды дамытуға және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерді, сондай-ақ сатып алынатын КПО тауарларын және өнімнің сапасына қойылатын талаптарды көрсету арқылы жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдауға бағытталған.
Форум аясында «УральскАгроРемМаш» АҚ отандық тауар өндірушісімен мамандандырылған автотехниканы жеткізуге келісімшартқа және «West Oil» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Форум барысында КПО Бас директоры Марко Марсили, IMB Орталығының Бас директоры Дастан Әбішевтің және «УральскАгроРемМаш» АҚ, «West Oil» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС және «КаспиМунайКапитал» ЖШС компанияларының басшылығының қатысуымен Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің бірқатар өндірістік объектілеріне барды. Кездесулер барысында зауыттардың ағымдағы қызметі, өндірістік әлеуеті және индустриялық даму перспективалары мәселелері талқыланды.
Бұл оқиға мұнай-газ секторының ірі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі Үкіметтің жұмысындағы кезекті қадам болды.
Басқа жаңалықтар


