IMBC отандық өндірушілердің ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту және ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда

20 сәуір 2026
IMBC отандық өндірушілердің ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту және ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда

IMBC делегациясы Алматы қаласы мен Алматы облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығы және мамандарымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Сапар бағдарламасы аясында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Әлем Тынысы» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «Avrora Electric» ЖШС және басқа да өндірістік кәсіпорындарға бару ұйымдастырылды. Сапарды өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және отандық өндірушілер мен ірі өнеркәсіптік тапсырыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шаралар аясында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы ұйымдастырды.

 

Сапардың негізгі мақсаты кәсіпорындардың өндірістік қуатымен, технологиялық мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ өнім өндірісін жергіліктендіру және Алматы қаласы мен Алматы облысы өндірушілерінің ірі мұнай-газ жобаларының жеткізу тізбектеріне қатысуын кеңейту мәселелерін талқылау болды.

 

Бағдарламаның негізгі іс-шарасы дөңгелек үстел отырысы болды. Оның барысында қатысушылар машина жасау саласын дамыту, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті жергіліктендіру және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тапсырыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

 

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп, оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Ерлан Барлыбаев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, «PSA» ЖШС, ҚПО компаниясының өкілдері және отандық өндірушілер қатысты.

 

 

IMBC бас директоры Дастан Әбішев өз сөзінде:

«Бүгінде отандық өнеркәсіп алдында өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындардың ең ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуға технологиялық дайындығын арттыру міндеті тұр. IMBC өндірушілерді, тапсырыс берушілерді және мемлекеттік институттарды біріктіретін, тұрақты өндірістік жеткізу тізбектерін қалыптастыруға және Қазақстанның бәсекеге қабілетті машина жасау секторын дамытуға ықпал ететін алаң болып табылады», - деп атап өтті.

 

Дөңгелек үстел аясында IMBC кәсіпорындарға отандық өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы тетіктерін таныстырып, ірі тапсырыс берушілердің әлеуетті өнім жеткізушілеріне қоятын талаптарын түсіндірді. Технологиялық жаңғырту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу және өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Өңірлік сапарлар IMBC-нің өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және қазақстандық өндірушілердің елдегі ірі инвестициялық жобаларға қатысуын кеңейту жөніндегі қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.

 

Сапар қорытындысы бойынша тараптар отандық машина жасау саласын дамытуға, өндірісті жергіліктендіруге және қазақстандық кәсіпорындардың ірі өнеркәсіптік жобалардың жеткізу тізбектеріне қатысуын ұлғайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.

 

HOTLINE