Kalamkas – Khazar Operating IMBC құрамына кірді

23 шілде 2025
Kalamkas – Khazar Operating IMBC құрамына кірді

2025 жылғы 23 шілдеде Астана қаласында IMBC «Kalamkas – Khazar Operating» ЖШС-нің Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) құрамына кіру туралы келісімге қол қойды.

 

Салтанатты рәсімге және мадақтау сөздерімен сөз сөйлегендер қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, сондай-ақ «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Теңізшевройл» ЖШС, «Лукойл Казахстан Апстрим» ЖШС, «Kalamkas – Khazar Operating» ЖШС және IMBC басшылары болды.

 

Аталған келісім «Kalamkas - Khazar Operating» ЖШС-не отандық машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастықты нығайтуға, теңіз мұнай-газ жобалары аясында пайдаланылатын жабдықты жергіліктендіру үдерісін жеделдетуге, сондай-ақ IMBC тарапынан техникалық сараптама мен деректерді талдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мүшелік отандық өндірушілер үшін тұтынылатын жабдыққа қойылатын техникалық талаптарға қолжетімділікті кеңейтуге жол ашады, бұл Каспийдегі ауқымды жобаларды іске асыру жағдайында ерекше өзекті.

 

«Біз “Kalamkas – Khazar Operating” ЖШС-ін IMBC құрамында қарсы алғанымызға қуаныштымыз және олардың қатысуы Орталықтың стратегиялық мақсаттарын – отандық машина жасау саласын дамыту, инвестиция тарту және өндірістерді жергіліктендіру – іске асыруға елеулі үлес қосады деп сенеміз», – деді IMBC Бас директоры Дастан Әбішев.

 

Бұл стратегиялық серіктестік мұнай-газ машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өзара байланысты нығайтады және бірлескен жобаларды іске асыру аясын кеңейтеді.

 

Сонымен қатар, бұл «ауқым эффектісін» кеңейтіп, Қазақстандағы барлық перспективалы мұнай-газ жобалары бойынша тұтынылатын тауарларды талдауды қамтуға мүмкіндік береді.

HOTLINE