ҚР Энергетика министрлігі мен ірі мұнай-газ операторларының елішілік құндылықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысы шеңберінде қазақстандық компаниялармен келісімшарттарға қол қойылды.
2024 жылғы 15 мамырда Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторларының, Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталығының (IMB Орталығы) және отандық мұнай-газ тауарлары мен қызметтерін жеткізушілердің қатысуымен әріптестік байланыстарды нығайту және елішілік құндылықты дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.
Осы іс-шара аясындағы маңызды бастамалардың бірі "Теңізшевройл" ЖШС (TCO), "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) және "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." (KPO) ірі мұнай-газ операторлары арасында отандық тауар өндірушілермен және сервистік компаниялармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өз өндірісін жергіліктендірген халықаралық түпнұсқалық жабдықтар өндірушілерімен келісімшарттарға қол қойды.
IMB Орталығының көмегімен "John Crane Қазақстан" ЖШС (сұйық механикалық тығыздағыштар және қосалқы бөлшектер), "WIKA" ЖШС (Қысым датчиктері, деңгей датчиктері, температура датчиктері), "Honeywell Kazakhstan" ЖШС (басқару жүйелері), "Азия филтр" ЖШС (технологиялық сүзгілер), "Centech" ЖШС (кабельдік науалар және бекіткіштер), "АтырауНефтеМаш" ЖШС (күкіртті ерітуге арналған қондырғылыр), "ПКФ Континент Ко ЛТД" ЖШС (талшықты-оптикалық кабель), "Буркит Сейфти" ЖШС (жеке газ детекторлары), "Global Chemicals Resources" ЖШС (химиялық заттарды жеткізу) сияқты жетекші компаниялармен, сондай-ақ басқа серіктестермен келісімшарттар жасасты.
Елішілік құндылығын арттыру шеңберінде IMB Орталығы 150-ден астам отандық зауыттарға талдау жүргізіп, отандық өндірушілердің әлеуетін дамытудың 11 жоспарын әзірлей отырып, қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Әлеуетті дамыту жоспары кәсіпорындарға халықаралық стандарттар мен мұнай-газ операторларының талаптарына сәйкес келетін өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін нақты практикалық ұсыныстарды білдіреді.
IMB Орталығы жоспарын орындау қорытындысы бойынша, Орталық өндірушіні мұнай-газ операторларына әлеуетті өнім беруші ретінде ұсынады, бұл оның жоғарыда аталған мұнай-газ операторларымен келісімшарттар жасасу ғана емес, сонымен қатар өз өнімдерін экспорттау мүмкіндігін едәуір арттырады.
Іс-шарада жалпы сомасы 240 млн АҚШ долларын құрайтын 21 келісімшартқа қол қойылды, бұл осы іс-шараның отандық мұнай-газ секторын дамытудағы маңыздылығын көрсетеді.