IMB Орталығы Атырау қаласында бақылау-өлшеу аспаптары бойынша WIKA Kazakhstan зауытының ашылуына қатысты
WIKA компаниясы қысымды, температураны, деңгей мен ағынды өлшеуге арналған техника, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдары саласында техника саласындағы әлемдік көшбасшы және түпнұсқа жабдықтардың неміс өндірушісі болып табылады. 1946 жылдан бастап компания мұнай, газ, химия және тамақ өнеркәсібіне арналған электр контактілі манометрлер, манометрлік және биметалдық термометрлер, жоғары қысымды манометрлер, қысым мен температура түрлендіргіштері сияқты жоғары технологиялық өнімдерді жасап келеді.
Атыраудағы зауыт манометрлер, мембраналық тығыздағыштарды және кедергілік термометр мен термопара сияқты температураны өлшеуге арналған электрондық аспаптарды өндіріп жеткізнтін болады.
Ол 2025 жылға қарай 20 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде. Өндірістік цех ашудан бөлек, бақылау-өлшеу жабдықтарын жөндеу және сервистік қызмет көрсету орталығы да іске қосылды. 2024 жылы жабдықты калибрлеу зертханасы ашылады деп жоспарлануда.
WIKA Kazakhstan жергілікті өндірістің үлесін ұлғайту және логистикалық шығындарды азайту мақсатында жергілікті жеткізушілермен және өндірушілермен белсенді өзара әрекет жасайды. Жергілікті WIKA өндірісінің ашылуы ірі Операторлардың БӨАжА тауарларын сатып алуындағы елішілік құндылық деңгейіне оң әсер етуі керек, өйткені қазіргі уақытта бұл көрсеткіш өте төмен болып қала береді.”