IMB Орталығы KIOGE 2022 аясында дөңгелек үстел өткізді
2022 жылғы 29 қыркүйекте IMB Орталығы 28-ші Қазақстандық Халықаралық Мұнай-газ көрмесі мен KIOGE 2022 конференциясы аясында "Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасауды дамытудың перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ҚР Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторларының басшылығы – "Теңізшевройл" ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., сонымен қатар шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау өндірушілері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында IMB Орталығы қатысушыларды таныстыру мақсатында презентациямен сөз сөйлеп, IMB Орталығының қызметінің нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы толығырақ айтып берді.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар өзекті мәселелер мен оларды шешудің мүмкін жолдарын, атап айтқанда Операторлардың жергіліктендіруші өндірушілерге бере алатын міндеттемелерінің деңгейін, ел ішінде құндылықты сақтау үшін сатып алу тетіктерін, сондай-ақ Операторлар арасындағы мастер-келісімшарттар мәселелерін және олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке әсерін, өндірушілердің өндірістік объектілері үшін жер алу мәселелерін талқылады. Талқылау барысында қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, IMB Орталығы KIOGE 2022 Конференциясының панельдік сессияларына және Көрмесіне қатысты.