МҰНАЙ-ГАЗ МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
IMBC
IMBC - бұл мұнай-газ химия саласындағы Ірі Операторлар: Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В., Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Теңізшевройл» ЖШС, «Kalamkas - Khazar Operating» ЖШС, «Силлено» ЖШС және «KMG PetroChem» ЖШС мүшелері болып табылатын Қауымдастық.
Біздің миссиямыз талдаулар, біліктілік, әлеуетті дамыту және инвестицияларды ынталандыру бастамалары арқылы Ірі Операторларын ҚР машина жасау саласымен байланыстыра отырып, Қазақстан мұнай-газ саласындағы тауарлар өндірісін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Біздің қызмет
Біздің қызмет туралы толғырақ білу
- Операторлардың болжамдық деректерін және техникалық сипаттамаларын жинау және талдау
- Синергияны анықтау және жергіліктендіру үшін басым тауарларды анықтау
- Нарықты талдау
- Локализация жобалары бойынша инвестициялық ұсыныстарды жинақтау және біріктіру
- Ұсыныстарды нарық сұранысына сәйкес бизнес-кейстерге қалыптастыру
- Операторлармен өзара әрекеттесу, қызығушылықты растау және кері байланыс алу
- Инвесторлар, OEM серіктестер, өндірушілер және Операторлар арасында байланыстырушы буын ретінде әрекет ету
- Нарықты талдау
- Жергілікті өндірушілерге техникалық бағалау жүргізу
- Сәйкессіздіктерді талдау бойынша жеке есепті әзірлеу
- Операторларға ұсыныс беру (сәйкессіздіктер сәтті жойылған жағдайда)
-
ҚР машина жасау саласындағы заңнаманы және техникалық регламенттерді жетілдіру бойынша талдау және ұсынымдар
IMBC қызметі туралы
бейнебаян Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының дамуы мен мүмкіндіктерін көрсетеді және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.
Құрметті Өндірушілер!
IMBC Сіздерді Мұнай-газ машина жасау форумы мен Операторлардың (ТШО, КПО, NCOC, Силлено, KMG PetroChem) Ашық есік күніне қатысуға шақырады.
Іс-шара 2026 жылғы 16 қазанда Орал қаласында, «Атамекен Өнер Ордасы» ғимаратында, мекенжайы: 5-шағынаудан, 12/2 өтеді.
Операторлардың Ашық есік күні аясында Операторлардың техникалық мамандары мен отандық тауар өндірушілер арасында B2B кездесулер ұйымдастырылып, сондай-ақ Операторлар сатып алатын тауарлар мен жабдықтардың электрондық каталогтары таныстырылады.
Сонымен қатар, Форум бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылады.
Сіздерді іс-шараның қонақтары қатарында көруге қуаныштымыз. Сонымен қатар, өз өнімдеріңізді көрмеде таныстыруға мүмкіндік береміз.
Форумға, Операторлардың Ашық есік күніне және көрмеге қатысу тегін.
Іс-шараларға қатысу үшін 15 қыркүйекке дейін сайтта міндетті түрде тіркелуіңізді сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 8 7172 399 966 (ішкі нөмірі 207) телефоны арқылы немесе forum@imbc.kz. электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Форумға тіркелу